Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Жомарт жүрек» - 2022 байқауының Алматы қаласы бойынша лауреаттарын марапаттау
29.07.2022

«Жомарт жүрек» - 2022 байқауының Алматы қаласы бойынша лауреаттарын марапаттау

Бүгін, дәстүрлі «Жомарт жүрек» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Жобалық кеңсесі ұйымдастырып өткізді!
Жобаның басты мақсаты – қайырымдылық пен табысты әлеуметтік бастамаларды, іскерлік мәдениет пен филантроптарды, әртүрлі үкіметтік емес ұйымдарды ынталандыру, сондай-ақ, әлеуметтік және азаматтық белсенділіктің озық тәжірибелерін тарату.
Шараға Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айбар Теменов қатысып, байқау жеңімпаздарын «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік ұйымы», «Жыл жанашырлары», «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациялары бойынша марапаттап, алғыс білдірді. Жеңімпаздар байқаудың республикалық кезеңіне қатысатын болады.
Меценаттар мен демеушілердің арқасында Алматы күннен-күнге көркейіп, тұрғындар үшін өте қолайлы болып келеді, бұл қоғам мен өскелең ұрпақтың бойында үлкен жауапкершілік пен патриоттық сезім тудырары анық.
← Жаңалықтар тізіміне оралу