Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен отбасылық құндылықтарды нығайту, өнегелі, тату шаңырақ иелерін жастар арасында насихаттау мақсатында «Ұлағатты отбасы - ұлт құндылығы» тақырыбы аясында ашық диалог алаңы өтті.
Іс-шараға еліміздің үлгілі отбасылары, өнер жұлдыздары және танымал журналистер, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысып, отбасының өзекті мәселелері мен басты қағидалары турасында ой бөлісті. Жиын барысында жастар көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.