Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Ашық аспан астындағы «Қызғалдақ» фестивалі
28.04.2022

Ашық аспан астындағы «Қызғалдақ» фестивалі

Алматы қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен қаланың жоғары және арнаулы білім беру ұйымдарының студенттері мен орта білім беру ұйымдарының оқушылары, сондай-ақ, кәсіби флористер арасында «Қызғалдақ» фестивалі өткізілді.

Биылғы «Балалар жылы» аясында алдын ала жарияланған «Мәнерлеп оқу», «Балалар суреттері», «Жас суретші» және «Флорист жұмысы» номинациялар бойынша жалпы көлемі 400-ден астам өтінім түсіп, оның ішінен ақтық кезеңге 225 қатысушы кәсіби әділқазылар сараптамасынан кейін жеңімпаз атанып, Гала концертте марапатталды.

«Флорист жұмысы» номинациясына арналған байқау фестивальдің ерекшелігі болды.

Ашық аспан астындағы «Қызғалдақ» фестиваліне аталған номинациялардан бөлек бір қатар шығармашылық өнер шеберлері қатысты.

Мереке қазақ даласының жауһары, гүлдің патшасы саналатын қызғалдақтардың ерекшеліктерін бейнелеген қылқалам шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, көздерінде нұр, көңілдерінде жыр ойнаған мәнерлеп оқу шеберлері мен талантты жастардың қатысуымен өткен гала-концертпен жалғасты.
← Жаңалықтар тізіміне оралу