22.04.2022
Алматыда кино және өнер майталманының аты ұлықталды
Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия майталманы Камал Смайыловтың атындағы кинозал ашылды. Шара кезінде көпшілік назарына мұрағаттық фотосуреттер ұсынылған фотокөрмесі қойылды
Сонымен қатар қайраткердің 90 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи сатыдағы кинематограф пен телевидение. Ұлттық және жаһандану контекстіндегі өзгерістер: бағыттандыру мәселелері, перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-публицист, қазақ киносы мен телевизия өнерлерінің жандануына үлес қосқан, кинопедагогиканың негізін салушы Камал Смайыловтың жеке басы, шығармашылығы, эмоционалды-бейнелі әлемі туралы жастардың білімін байыту мен патриотизм сезімін дамыту.
Конференция жұмысына белгілі өнер және қоғам қайраткерлері Төрегелді Шарманов, Олжас Сүлейменов, Есетжан Қосубаев және т.б. қатысып, көрнекті тұлға жайында өз естеліктерімен бөлісті. Шарада Камал Сейтжановтың қайта басылған кітаптары ұсынылды.