Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Рухани жаңғырудың жарқын жолы» дөңгелек үстелі
20.04.2022

«Рухани жаңғырудың жарқын жолы» дөңгелек үстелі

Бүгін, А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханасында «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты дөңгелек үстел өтті.


Шараның мақсаты – ел ертеңі жастардың ұлттық сана-сезімін ояту, саяси сауаттылығын арттыру, Мемлекет басшысы мәлімдеген Жаңа Қазақстанның алдағы дамуына өзіндік үлестерін қосуды ұғындыру, патриоттық тәрбие беру.


Дөңгелек үстел отырысына Алматы қаласы әкімдігі мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің өкілдері, қоғам және мәдениет қайраткерлері, педагог мамандар мен жоғарғы оқу орындарының студент жастары қатысып, қоғамдағы өзекті деген мәселелерді талқылады.
← Жаңалықтар тізіміне оралу