Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Алматы музейлеріне саяхат» жобасы жалғасуда
23.02.2022

«Алматы музейлеріне саяхат» жобасы жалғасуда

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Абай атындағы ҚазҰПУ студенттеріне Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне «Алматы музейлеріне саяхат» жобасына сәйкес, рухани-танымдық экскурсия өткізілді.

Шараның мақсаты - жастардың ұлттық құндылықтар мен халық шығармашылығының бай мұрасына қызығушылығын ояту, бірегей ұлттық аспаптарды дәріптеу.

Жергілікті өлкетану, қасиетті орындарды аралау, ұлттық құндылықтармен танысу, терең ақпарат көздерімен сусындау идеясы – шараға қатысқан 160-тан астам жас ізденушілердің көңілінен шықты. Жастар арасында мұндай іс-шаралардың кеңінен өткізілуі өз жалғасын табатын болады.
← Жаңалықтар тізіміне оралу