Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты жыр мүшәйрасы
24.02.2022

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты жыр мүшәйрасы

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік Орталығымен бірлесіп, орта білім беру ұйымдары мұғалімдерінің арасында Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты жыр мүшәйрасын өткізді.

Мүшайраның мақсаты – кәсіби құзыреттілігі жоғары, талантты, шығармашыл мұғалімдерді анықтау, оларға қолдау көрсету, М. Мақатаевтың шығармаларын насихаттау.

Үш кезеңмен өткізілген байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

← Жаңалықтар тізіміне оралу