«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде Бағдарламаны жүзеге асыруға ат салысып жүрген ЖОО жобалық кеңселерінің өкілдерімен кездесу өтіп, өзара ынтымақтастық Меморандумына сәйкес алдағы жоспарлар нақтыланды.
Отырыс барысында Бағдарламаны одан әрі тиімді іске асыру, арнайы жобалар бойынша шараларды жүзеге асыру мәселелері мен нәтижелері талқыланды. Олардың мазмұны мен маңызы жайлы нақты ой-пікірлер, ұсыныстар айтылды.
Сонымен бірге көктем мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында белсенділік танытып жүрген асыл жандар алғыс хаттарға ие болды.