22.02.2022
«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде «Ұлттық тәрбие» және «Кемел болашақ» жобаларын жүзеге асыру жөнінде талқылау өтті
Бүгін «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде «Ұлттық тәрбие» және «Кемел болашақ» жобаларын жүзеге асыру мен жас ұрпақты тәрбиелеуде жаңа әдістерді пайдалану мәселелерін талқылау мақсатында аудандық білім бөлімдерінің өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы құндылықтарын ілгерілету арқылы тәрбие үдерісіне кешенді және заманауи тәсілдерді қолдану, аталған жобалардың ерекшелігі мен бірегейлігі мәселелері көтерілді.
Кездесу нәтижесінде Бағдарламаны іске асыру бойынша іскерлік серіктестік келісімге қол жеткізілді.