Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты жыр мүшәйрасы өтті.
Шараның мақсаты – кәсіби құзыреттілігі жоғары, талантты, шығармашыл мұғалімдерді анықтау, оларға қолдау көрсету, М. Мақатаевтың шығармаларын насихаттау.
Жобалық кеңсе атынан Жыр мүшәйрасы қатысушыларына алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталып, бірлескен шараның алдағы уақытта да жалғасын табатыны атап өтілді.