14.12.2021
Алматы қаласының «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақ киносының ұлы тұлғалары» байқауын қорытындылады
Байқауға қатысушылар саны 30-дан астам адамға жетті, олар – Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино факультетінің студенттері. Ұсынылған әрбір туынды Шәкен Айманов, Әмина Өмірзақова, Серке Қожамқұлов сынды қазақ киносы майталмандарының өмірі мен шығармашылығына деген асқан сүйіспеншілік, ыстық ықылас, ілтипатпен сусындаған. Тәуелсіз сараптау комиссиясының талдауы негізінде, мәдени мұрамыз – қазақ киносы мен телевизиясына жастардың шығармашылық көзқарасын көрсететін үздік үш жұмыс таңдалды. Бұл байқау – отандық кинематографияның қалыптасуы мен дамуына, ұрпақтар арасындағы рухани байланыстың сақталуына зор үлес қосқан тұлғаларды еске алу құрметінің белгісі.