10.11.2021
10 қараша күні Алматы қаласы «Рухани жаңғыру жобалық кеңсесі» бастамасымен ұйымдастырылған «Ұшқан ұя» лонгрид марафонының жеңімпаздары анықталып, марапаттау рәсімі өтті
Жоба қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары мысалында жастардың бойында адамгершілік ұстанымдарды қалыптастыруға, отбасылық дәстүрлерге құрметпен қарауды тәрбиелеуге бағытталған.
«Ұшқан ұя» лонгрид марафонына Алматы қаласының шығармашыл студенттері мен жастары қатысты. Конкурсқа 33 қатысушыдан 37 өтінім беріліп, 3 қатысушы жеңіске жетті.
Олардың қатарында:
✓ Құрманбек Шыңғыс Алисаитұлы – Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»
✓ Құрманғали Дана Есқазықызы – Сәбит Мұқанов «Адасқандар»
✓ Аяпбергенова Айнұр Нұрланқызы – Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романындағы Құнанбайдың Абай тәрбиесіндегі орны.
Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен дипломдар табысталды.