Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Биыл Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толып отыр
27.09.2021

Биыл Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толып отыр

Биыл Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толып отыр.
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы "Рухани Жаңғыру" жобалық кеңсесі" атаулы мерейтой аясында, қала күні қарсаңында ашық аспан астында «Жүз жасаған Жамбыл»  Open-Air жобасын ұйымдастырды.
Жоба Бағдарламасында Жамбыл оқулары, ақындар айтысы және театрландырылған қойылым өткізілді.
Іс-шараны өткізудегі негізгі мақсат өскелең ұрпақтың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру. Ақын өлеңдерін, поэзиясын кеңінен насихаттау. Рухты, елдікті, ерлікті, адалдықты жырлайтын ақын өлеңдері арқылы патриоттық сезімдерін оятып, отан сүйгіштікке, елін жерін құрметтеуге баулу.
Ұлы даланың ұлы есімінің шығармашылық мұрасын дәріптеу және қазіргі әдебиетте, музыкада, театрда ұлы ақындар бейнелерінің өзекті галереясын қалыптастыруда аталған жобаның берер нәтижесі мен әсері мол болмақ.
Іс-шараларға мектеп оқушылары, мұғалімдер, студенттер, жас ақындар, айтыскерлер, театр актерлері, әртістер, көрермендер мен БАҚ өкілдері қатысты.
← Жаңалықтар тізіміне оралу