08.09.2021
Бүгін Алматы қаласында жыл сайынғы "Жомарт жүрек" байқауының қорытындысы жарияланды
Бүгін Алматы қаласында жыл сайынғы "Жомарт жүрек" байқауының қорытындысы жарияланды. Байқаудың басты мақсаты – қайырымдылықты дамытуға, ел азаматтарының патриоттық сезімін оятуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды көтермелеу, неғұрлым жарқын және маңызды қоғамдық бастамалардың табысты тәжірибесін танымал ету болып табылады.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров байқау лауреаттарын марапаттап, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және қаланың гүлденуіне қосқан үлестері үшін алғыс айтты.
Ағымдағы жылы Алматыда қаланы абаттандыру және инфрақұрылымын жақсарту, білім беру, спорт, мәдениет салаларын қолдау және т.б. бойынша әлеуметтік жобалар іске асырылды.
Бес номинация бойынша байқау жеңімпаздары:
– "Жыл тұлғасы" – белсенді филантропиялық қызметі үшін – Сырымбек Тау,"Daco Motors KZ" ЖШС бас директоры.
– "Жыл меценаты" – белсенді меценаттық қызметі үшін – Долкунтай Абдулхалил,"METALL PROM GROUP" ЖШС директоры.
– "Туған өлке" – кіші отанды қолдау бойынша әлеуметтік – маңызды жобаларды іске асырғаны үшін – Мұхаметхан Сабыржан.
– "Жылдың үздік ұйымы" – қайырымдылық бағдарламасын тиімді іске асырғаны үшін – "BAZIS-A Corp" ЖШС.
– «Жылдың үздік қамқоршысы» – елеулі әлеуметтік-маңызды өзгерістер мен қайта құруларға әкелген қайырымдылық көмегі үшін – "Комета" ЖШС.