28.07.2021
Ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдарды дәріптеу және жаңғырту
Бүгін ұлттық нақыштағы элементтерді заманауи үлгідегі киімдерге сіңіре білген қолөнершілер мен дарынды сәнгерлердің туындыларын ілгерілету және насихаттау шеңберінде «Ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдарды дәріптеу және жаңғырту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Оған еліміздің жетекші сәнгерлері – Аида Кауменова, «tarbiya_brendkz» брендінің негізін қалаушы Тарбия Айдымбаева, «Aigul Line» брендінің негізін қалаушы Айгүл Жансерікова, «Алматы қолөнер Палатасы» қоғамдық қоры жетекшісі Дәмели Жанашева және тағы да басқалары қатысты.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша жас дизайнерлерді қолдау мақсатында өзара әрекеттестік туралы қарар қабылданды.