Жобаға қатысу үшін өтінімдер 2021 жылдың 25 наурызына дейін қабылданады.
Конкурсқа жас ерекшелігіне қарамастан, елімізде және тыс жерлерде де тұратын кез келген адам қатыса алады. Медицина, білім, ғылым және инновация, экология, мәдениет және спорт, бизнес, сондай-ақ қоғам салалары бойынша жеті номинация қарастырылуда.