Орталық жобалары
Жобаның мақсаты: Өз саласы бойынша жетістікке жеткен, халық арасында танымал емес азаматтарды жастарға үлгі ету, қызметін, еңбек жолын насихаттау.
Жобаның міндеттері: Еңбегі өнімді, жұмысы жемісті тұлғалардың есімдерін ұлықтау, әрі олардың тарихта таңбалануына ықпал ету.
Жоба туралы толық ақпарат: Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы Қызылорда облысында Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес Youtube бейнехостингінде «Тұлға» айдарымен бейнероликтер дайындап, жариялауда.
Қазіргі таңда бұл айдармен облыстың 7 ауданы бойынша
22 бейнеролик түсірілді. Кейіпкерлер орталықтың фейсбук парақшасында және аудандар, ауылдық елді-мекендерден сауалнама жүргізіп таңдалды. Олардың ішінде білім, полиция саласының ардагерлері, еңбек династиялары, медбике, қолөнершілер мен қарапайым жұмысшы механизатор да қамтылған.
Жоба көрсеткіштері: Қазіргі таңда Youtube бейнехостингіне жүктелген роликтердің жалпы қаралым саны – 3834.
Қаржыландыру: Қаржы талап етілмейді.
Өткізу орны мен уақыты: 2020 жыл, қаңтар-желтоқсан, Қызылорда облысы.
Жариялау: Қызылорда облыстық «Сыр бойы» қоғамдық-саяси газетінде «Тұлға» айдарының жазбаша нұсқасы жарияланып отыр. Қазіргі таңда «Тұлға» айдарының 6 кейіпкері туралы мақала шығарылды.