20.05.2025
Almaty Creative алаңында Қоғамдық даму орталығының бастамасымен жүзеге асып жатқан «TAZA Qala» экологиялық жобасы аясында кезекті – төртінші эко-дәріс өтті.
Шарада экологияны өмір салтына айналдырған, қоғамға танымал экобелсенді өз ойымен бөлісті. «Upcycling — бұл киімді лақтыру емес, оны жаңаша көру, жаңа мағына беру. Бұл — шығармашылық пен саналы тұтынудың тоғысы. Әр ескі көйлек – болашаққа жол ашатын мүмкіндік,» – деді Ботакөз Садыбекова өз сөзінде.
Кездесу барысында қатысушыларға киімді қайта өңдеу арқылы сәнге сай, бірегей өнімге айналдырудың тәсілдері ұсынылды. Бұдан бөлек, тыңдаушылар өз идеяларымен бөлісіп, шығармашылық бағытта өзара ынтымақтастық орнатты.
Бұл шара — жастар арасындағы экологиялық сауаттылықты арттыруға, жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды бастама.